Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда тәртіп сақшылары мен студенттер есірткіге қарсы акция ұйымдастырды

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттерімен бірлесіп, нашақорлықтың алдын алу бойынша акция ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нашақорлықтың алдын алудың заманауи тәсілі әр түрлі тәуелділіктер мәселелерінде белсенді білім берумен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау керек екенін көрсетеді.

Іс-шараға қатысушылар тұрғындарды белсенді өмірлік ұстанымға сүйене отырып, өз денсаулығын сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға, қиындықтарға төтеп беруді үйренуге, егер өмірлік қиын жағдайға тап болса, сенім телефондарын пайдалануға шақырды.

Сонымен қатар белсенділер ата-аналарға жасөспірімдердің нашақорлықпен күресу бойынша іс-қимыл алгоритмі жазылған буклеттер таратты, сондай-ақ тыйым салынған заттардың заңсыз айналымы саласындағы заңсыз әрекеттердің куәгері болған жағдайдағы қажетті шараларды түсіндірді.

Жыл басынан бері Қостанай облысының аумағында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 140 қылмыс пен құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 55 есірткі өткізу фактісі бар.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру