Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда ұландықтар шетелдік қонақтардың қызын іздеп тапты

Қостанайда ұландықтар шетелдік қонақтардың қызын іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 9 тамыз күні кешке Қостанай қаласында болған. 6697 әскери бөлімінің әскери жасағы облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығынан Германиядан келген қонақтардың 14 жастағы қызы жоғалғаны туралы шұғыл хабарлама алды. Германиялықтар қыздарын таба алмағандықтан, полицияға жүгінген.

Сағат 19:40 шамасында әскери жасақ бастығы Олжас Қабдыбеков, қатардағы жауынгерлер Вадим Голиян, Владимир Ославский, Нұрмұхамед Шагиров және Станислав Быструевпен  “Қазақстан” кинотеатры ауданында патрульдеу бағытын айналып өту кезінде шұғыл ақпарда айтылған белгіге ұқсас жасөспірім қызды байқайды.

Мән-жәйды нақтылап, қызды ата-анасымен, Германия азаматтарымен аман-есен табыстырады.

Шетелдік қонақтар ұландықтарға Викторияны іздеудегі жедел және үйлесімді әрекеттері үшін алғыс білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру