Қостанайда үздік пенитенциарлық психологтар анықталды
Қостанайда үздік пенитенциарлық психологтар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26-27 қараша аралығында Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ Қостанай академиясының базасында Қазақстан Республикасы ҚAЖД психологиялық қызметінің 25 жылдығына арналған «2024 жылдың үздік пенитенциарлық психологы» республикалық байқауының екінші финалдық кезеңі өтті.
Бұл шара психологтардың кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамытуға, заманауи әдістер мен озық жұмыс нысандарын енгізуге, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыруға және пенитенциарлық психолог мәртебесін көтеруге бағытталған. Сонымен қатар байқау барысында тәжірибелі әрі жоғары білікті мамандар анықталды.
Финалға әр өңірде өткен бірінші кезең жеңімпаздары – Қазақстанның түкпір-түкпірінен 16 қатысушы келді. Байқаудың қорытындысы бойынша үш үздік психолог анықталды:
Бірінші орын – Солтүстік Қазақстан облысы ҚАЖД №66 мекемесінің өкілі Данияр Шунгульшин;
Екінші орын – Қарағанды және Ұлытау облыстары ҚАЖД №31 мекемесінің психологы Венера Валиева;
Үшінші орын – Ақмола облысы ҚАЖД №65 мекемесінен Людмила Нечайкина.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды.