Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда жасөспірімдер алғашқы жеке куәліктерін салтанатты түрде алды

Қостанайда жасөспірімдер алғашқы жеке куәліктерін салтанатты түрде алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай қаласының полиция басқармасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай "Менің алғашқы құжатым" атты салтанатты акция өтті. Іс-шара барысында жасөспірімдер өздерінің алғашқы жеке куәліктерін ресми түрде алып, ересек өмірге қадам басты. Бұл – олардың азаматтық жауапкершілікке толы жаңа кезеңге өткенін білдіретін ерекше сәт.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара тек ресми рәсім ғана емес, әр жасөспірім үшін жаңа құқықтар мен азаматтық міндеттердің бастауын айқындайтын маңызды оқиға.

Акцияға қатысушылардың бірі Софья Захарченко алған әсерін бөлісті:

- Жеке куәлікті алған сәтте мен үлкен қоғамның толыққанды мүшесі болғанымды сезіндім. Енді мен тек өзім үшін ғана емес, елімнің алдында да жауапкершілік арқалаймын, – деді ол.

Салтанатты жиында Қостанай қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Болат Қапышев құттықтау сөз сөйлеп, жасөспірімдерді алғашқы құжаттарын қадірлеп ұстауға шақырды:

- Бұл құжат – сіздердің ересек өмірге жасаған алғашқы ресми қадамдарыңыз. Осы сәттен бастап сіздер азаматтық қоғамның белсенді мүшесіне айналасыздар, – деп атап өтті ол.

Мұндай іс-шаралар құжаттың маңызын дәріптеп қана қоймай, жастарды заңға, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға және Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз міндеттерін жауапкершілікпен орындауға тәрбиелеуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру