Қостанайда жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін алғашқы қоңырау соғылды
Қостанай облысы ҚАЖД-ға қарасты № 38 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін бүгін алғашқы қоңырау соғылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Болашағы бұлыңғыр болған 72 сотталған үшін темір тордың арғы жағындағы білім күні тек оқу жылының басталуы ғана емес, болашаққа деген үміттің белгісіндей болды. Алғашқы қоңыраудың сыңғыры мекеме қабырғаларын ерекше көңіл-күйге бөледі. Тар қапастағы ұзақ, сүреңсіз күндерден кейін, қоңырау үні олардың өміріне өзгеріс енгізетінін сотталғандар жанымен түсінгендей.
Осында тап болғандардың бірі Иван ұзақ уақыт бойы өзімен-өзі күресіп келді. Ол өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерінен әбден күдер үзген еді. Бірақ алғашқы қоңырау сыңғыры оның кеудесінде үміт ұшқынын тұтатты.
– Біздің әрбіріміздің өкініш пен күйінішке толы өз тарихымыз бар, бірақ біздің ендігі тарихымыз жаңа мәнге ие болатындай мүмкіндік туды, – дейді ол.
Иванның көзінде біршама уақыттан бері ұмыт қалған сенімділік қайта пайда болғандай.
Сыныптар күлкі мен қызу әңгімелерге толып, атмосфера жарқын және оптимистік бола түсті. Мұғалімдер өздерінің міндеттерінің мәнін қайта тапқандай, оқушыларының өміріне білім мен даналық енгізуге белсене кірісті. Олар әр оқиғаның ерекше екенін және әркімнің өзгеру мүмкіндігі бар екенін түсінді. Осы сотталғандардың көпшілігіне сенбесе де, олар өткендегі қателіктерінен әлдеқайда көп нәрсеге қабілетті екені анық.
Жаңа бастама, батыл қадамдар бәрі жақсы жаққа өзгеруі мүмкін деген үміт сыйлады. Олардың әрқайсысы осы сын-тегеурінді қабылдауға дайын болды, ал жаңа білімдерге деген бұл жол бостандыққа, түсіністікке және жаңа мүмкіндіктерге бастайтын алғашқы қадам бола алады. Бұл күні темір тордың ар жағында шабыт пен өзгерістерді күткен нағыз өмір басталды.