Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда жол қозғалысы ережелерін 184 рет бұзған ресейлік азамат ұсталды

Қостанай облысында жол қозғалысы ережелерін 184 рет бұзған ресейлік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзумен қатар, жүргізуші көлік құралын жалған сақтандыру полисімен басқарған.

2021 жылдың 10 ақпанында облыстық ПД патрульдік полиция қызметкерлері Ресей Федерациясының азаматы басқарып келе жатқан «FORD Галакси» маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты тіркеу құралдары 2020 жылғы 20 маусым мен 2021 жылғы 10 ақпан аралығында осы көлік құралының қатысуымен 3 млн.566 мың 285 теңге сомасындағы айыппұл көзделген 184 құқық бұзушылықты тіркеген. Тіркелген құқық бұзушылықтардың барлығы жылдамдықты асырумен байланысты.

Автокөлік Қостанай қаласы әкімдігінің мамандандырылған тұрағына орналастырылды, құқық бұзушыға салынған айыппұлдарды төлеу қажеттілігі туралы хабарлама берілді.

Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2021 жылдың қаңтар айында «Автоураган» құрылғысы басқа мемлекеттердің көлік құралдарына қатысты 1 676 құқық бұзушылықты тіркеді, жалпы сомасы 10 млн 209 мың 500 теңгеге 700 хабарлама ресімделді.

Оның ішінде, Ресей Федерациясының мемлекеттік нөмірлік белгілері бар көлік құралдары – 900, Армения Республикасының мемлекеттік нөмірлік белгілері бар көлік құралдары – 20 және Қырғызстан Республикасының мемлекеттік нөмірлік белгілері бар көлік құралдары – 56 құқық бұзушылыққа жол берген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру