Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық өнер иелері есірткіге қарсы іс-шара өткізді

Қостанайлық өнер иелері есірткіге қарсы іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Көңілді старт” деп аталатын ерекше іс-шара тойлар мен салтанатты жиындарды ұйымдастыратын Венера Умурзакованың бастамасымен өтті. Мұны есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері қолдады.

– Біз екі түрлі адамдар арасында осындай қызықты “Көңілді старт” өткізудеміз. Мұның бәрі адамдарға химиялық заттарсыз-ақ бақытты болуға және өмірден ләззат алуға болатынын көрсетуді көздейді, – деді ол.

Жарысқа 8 адамнан тұратын екі команда қатысты. Қала шоумендерінен жасақталған команда “Голливуд” деп аталды. Оның құрамында Рүстем Бейішов, Берік Нұрмұхамбетов, Бекболат Жазықбаев, Евгений Сотников, Павел Моргунов, Төленді Әлғожин, Азамат Ибраев және Қуаныш Есімханов болды. Оларға полиция департаменті мен жергілікті полиция басқармасы қызметкерлерінен құралған “Динамо” командасы қарсы тұрды.

Ойынға стендап жүргізушілер – Рач Мартиросян, Игорь Егоров және Артем Лисагор қазылық етті. Іс-шара Interdance заманауи көше би мектебінің қызықты нөмірімен ашылды. Дәл осындай жарқын нотада шығармашылық ерекше байқаулар басталды.

Шарлармен жүгіру, тайғақ жолмен сырғанауға арналған тюбингтермен жүру және басқа да көптеген ерекше жарыстар қатысушылардың өздері үшін де, жанкүйерлер үшін де жағымды әсер қалдырды. Әсіресе капитандар арасында өткен сайыс жиналғандарға ерекше әсер қалдырды.

Акуланың үрлемелі костюмдеріндегі капитандар кедергілерден өтіп, би билеп жарысты өз мәресіне жеткізді. Осылайша, тартысқа толы болған “Көңілді старт” тең есеппен аяқталды.

Қатысушылар ақшалай сертификаттар, грамоталар мен кубоктарға ие болды. Сондай-ақ, “Есірткіге жол жоқ” ұраны бар жеңіл жейделер берілді.

– Нашақорлықтың алдын алу мәселесіне қоғам тарапынан үн қосылып жатқаны бізді қуантады. Мұндай іс-шараларды мүмкіндігінше жиі өткізетін боламыз, – деп атап өтті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің аға жедел уәкілі Әсел Сексенова.

Айта кетейік, “Голливуд” командасының қатысушыларының бірі “Х – Factor” тележобасының жеңімпазы және “ГОЛОС” тележобасының финалисті Бекболат Жазықбаев болды. Ол Қостанай тұрғындарымен түрлі тақырыптарда әлеуметтік сауалнамалар жүргізеді.

Аталған іс-шара Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған республикалық айлықтың аясында ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру