Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер есірткі сатушыларды ұстады

Қостанай полицейлері есірткі сатушыларды құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 5 ақпанда Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар жергілікті тұрғындарды ұстады. Күдіктілердің екеуі де 1996 жылы туған. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Олар ауылдың екі жағында тұрады. Туыстық немесе достық қатынастары жоқ.

Олардың біреуінен заңсыз сақталған есірткі алынды. Тінту іс-шараларын жүргізу барысында есірткі сатушының ауласындағы сарайлардың бірінен өсімдік тектес заттар табылды, сараптама нәтижелеріне сәйкес алынған заттар – марихуана және гашиш болып табылады.

Қазіргі уақытта полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асылбек Әлмағамбетовтің айтуынша, өңірде жыл басынан бері заңсыз айналымнан бес келіден астам түрлі есірткі алынған, есірткі сатудың 20 дерегі, есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың 7 дерегі, контрабанданың 4 дерегі тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру