Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен бірнеше адамды ұстады

Қостанай облысында бірнеше есірткі қылмысы әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында героин мен психотроптық заттардың синтетикалық аналогтарын тәркіледі.

2020 жылдың 28 қазанында Қостанай қаласындағы Дөненбаева көшесінде 40 жастағы азаматша ұсталды. Әйелдің жеке басын қарау барысында одан ішінде ақ түсті ұнтақ тектес зат салынған 17 пакет тәркіленді. Өткізілген сараптама қорытындыларына сәйкес тәркіленген зат жалпы салмағы 6 грамм болатын героин болып шықты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Облыс полицейлері 2 қарашада Қостанай қаласындағы «Юбилейный» шағын ауданында 20 жастағы ер адамды ұстады, оның пәтерін тінту барысында ас үйіндегі газ плитасының ішінде таспамен оралған, ішінде ақ ұнтақ бар 19 полимерлі түйіншек табылды. Бұдан басқа түрлі-түсті ұнтақ тектес зат салынған тағы 4 полиэтилен пакет табылды, тәркіленген синтетикалық есірткінің жалпы салмағы 36 грамды құрады.

Сондай-ақ Лисаков қаласында жедел уәкілдер есірткі сақтаушыны ұстады. Қостанай қаласының 25 жастағы тұрғынынан жеке тексеру барысында ішіне сұйықтық құйылған 8 капсула табылып, тәркіленді. Жауаптарды нақтылау кезінде аталған адамға тиесілі қаланың түрлі бөліктерінде орналасқан кішігірім құпия орындар анықталды. Ол жерлерден осыған ұқсас 21 капсула табылды.

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тұтастай алғанда Қостанай облысының полиция қызметкерлері  2020 жылы заңсыз айналымнан 470 келіден астам түрлі есірткіні, оның ішінде 450 келіден астам марихуана және 235 гр героин, 15 келіден астам гашиш пен 293 гр синтетикалық есірткіні тәркіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру