Қостанайлық полицейлер қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды
Қостанай облысы ПД қызметкерлері қоян-қолтық ұрыстан ҚР ІІМ Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17-19 тамыз аралығында Қарағанды қаласында спорттық шара өткен. Оған еліміздің құқық қорғау және күш органдарынан барлығы 34 құрама командасы, 350-ден астам қатысушы өз бақтарын сынаған.
Қостанай облысы ПД құрамасы арнайы жедел әрекет ету жасағының және оқу-жаттығу взводының қызметкерлерінен құралған ҚР ІІМ чемпионатының жеке біріншілігінде бірінші орынды иеленген. Полиция қызметкерлері Аманбек Жаманқараев 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынға, сондай-ақ Ернар Халықов 97 келі салмақ дәрежесінде күміс медальді еншілеген. Ол төрт жекпе-жек өткізіп, екі жекпе-жекте нокаутпен жеңіске жеткен.
Спортшылардың айтуынша, жақсы спорттық дайындық бокс пен самбоның соққы техникасы оларға жеңіске жетуге көмектескен. Олардың жаттықтырушылары – Қуаныш Бабақаев, кәсіби боксшы Саламат Алматов – бокстан спорт шебері, ЖҚАЖ бөлімшесінің командирі, Жәнібек Мұхамеджанов – самбодан спорт шебері.
Қостанай облысының ПД-да спортты дамытуға, оның ішінде қоян-қолтық ұрысқа көп көңіл бөлінеді. Полицейлер бірнеше рет облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстардың жүлдегерлері атанған.