Қостанайлық полицейлер тұрғыннан ірі көлемде героин тәркіледі
Қостанайлық полицейлер тұрғыннан ірі көлемде героин тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай полициясы салмағы 26 грамнан астам есірткі заты – героин сақтаған күдіктіні ұстады.
54 жастағы қостанайлық есірткіні жалдамалы пәтерде сақтап келген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер кіреберіс және ас үйдегі шкафтардан ақшыл сары түсті тас тәрізді заты бар 4 полиэтилен пакетін тапты.
Сараптама нәтижелеріне сәйкес алынған зат героин болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлер қостанайлықтардан бір реттік дозалар бойынша өлшеп оралған 36 түйір жарты килограмм героин тәркілеген болатын.
Жыл басынан бері полицейлермен есірткіге байланысты 20 құқық бұзушылық анықталды, заңсыз айналымнан үш килограмнан астам түрлі есірткі құралдары алынды.