Қостанайлық ұлан гір көтеру спортынан халықаралық турнирдің жүлдегері атанды
Татарстан Республикасының астанасында гір көтеру спортынан халықаралық турнир өтті. Жарысқа Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Беларусь, Сербия және Қытайдан 100-ден астам спортшы қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Турнир сегіз салмақ дәрежесінде өтті.
Жарысқа қатысушылардың бірі ефрейтор Арман Жүнісов — Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6697 әскери бөлімінің спортшысы. Ол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жүлделі үшінші орынға ие болды.
— Мен үшін гір көтеру спорты бойынша жарыстарға қатысу тек спорттық сынақ қана емес, сонымен қатар өз күшімді, төзімділігімді және командада жұмыс істеу қабілетімді сынау мүмкіндігі деп ойлаймын. Біз әскери бөлімде әрқашан дене шынықтырудың жоғары деңгейін сақтауға тырысамыз және осындай спорттық іс-шаралар бізге дене шынықтыруды жақсартуға ғана емес, жолдастықты нығайтуға да көмектеседі, - дейді Арман Жүнісов өз әсерімен бөлісіп.
Айта кетейік, турнирдің барлық жеңімпазы медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.