Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық жас жол инспекторлары Ғ.Байтасов атындағы XX республикалық ЖЖИ слетінің жеңімпазы атанды

Қостанайда Ғ.Байтасов атындағы XX республикалық жас жол инспекторлары слетінің жеңімпаздарын салтанатты қарсы алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласында Қазақстанның Халық қаһарманы Ғабит Байтасов атындағы XX республикалық жас жол инспекторлары слеті өз мәресіне жетті. Бұл беделді жарыста еліміздің барлық өңірінен келген қатысушылар жол қозғалысы ережелерін білу, велосипедпен мәнерлеп жүру, алғашқы медициналық көмек көрсету және жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін насихаттауға бағытталған шығармашылық байқауларда бақ сынады.

Слет бағдарламасы аясында жас инспекторлар "Жас реттеуші" конкурсында қозғалысты шартты қиылыста реттеу шеберлігін көрсетті. "Білімпаздар турнирінде" өздерінің теориялық білімін дәлелдесе, "Автоқалашық" кезеңінде — шынайы жол жағдайына ұқсас ортада сенімді әрекет ете алатындарын танытты.

Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Қостанай облысының №19 орта мектебінің оқушыларынан құралған команда жеңіп алды.

Чемпиондарды қарсы алу рәсімі жылы әрі мерекелік атмосферада өтті. Жеңімпаздарды Полиция департаментінің өкілдері, мектеп әкімшілігі, ұстаздар, туыстары мен достары құттықтап, олардың жетістіктеріне ортақтасып қуанды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру