Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлықтар демалыс күндері көліктерін тіркеуде

Қостанай облысының тұрғыны Мұхаммеджан Әлімғазин бүгін ауылдан арнайя келіп, көлігін тіркеуге қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұған дейін ол алыстағы шаруашылықта егін жинау науқанында болған. Сол себепті көлігін есепке қоюға ыңғайлы уақыт болмады дейді көлік иесі.

– «Альфард» көлігін Армениядан әкелдім, әуелде есепке қою мәселесі шешілмегесін ақырын күттім. Кейін жеңілдетілген жүйе бойынша қоюға бел будым. Бұдан соң дала жұмыстары басталды. Демалыс күні ХҚКО жұмыс істегені ыңғайлы болды, бүгін автокөлікті тіркеуге қойдым, – дейді ол.

«Жолда қабылдау» – бұл ай сайын өткізілетін дәстүрлі акция. Облыс тұрғындары полицияның жұмысына үйреніп қалған, сұрақты тек жеке ғана емес, интернет желісі арқылы да қоюға болады. Мұндай іс-шаралар Қостанай облысы ПД ведомстволық желілерінде нақты уақыт режимінде көрсетіледі. Бұл жолы 20-дан астам сұрақ дәл осылай қойылды.

«Жолда қабылдау» акциясын әкімшілік полиция бастығы Андрей Григоревский және жергілікті полиция бастығының мінедітн атқарушы Жеңіс Бисембаев өткізді.

Акцияның алғашқы екі сағатында армян нөмірлерімен үш автокөлік есепке алынды, олардың бірі қайта жабдықталған машина. Бүгінде үш көлік тіркеуге қойылды.

Облыста Армениядан әкелінген 438 машина және 70 қайта жабдықталған машина тіркелген.
«Жолда қабылдау» акциясы бүгін де жалғасын тапты. Ол барлық полиция бөлімдерінде, сондай-ақ облыс орталығында Абай даңғылы 39 және арнайы ХҚКО ғимаратының жанында өтеді.
Тұрғындардың ыңғайы үшін ХҚКО-ның төрт маманы жұмыс істеуде.
Солардың бірі – Шынар Осипова.

– Тіркеліп жатқан азаматтар көп. Жұмыс үздіксіз жалғасуда. Бүгін 14:00-ге дейін жұмыс істейміз,-деді Ш.Осипова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру