Қостанайлықтар полицейлерге мас жүргізуші мен бұзақылық жасаған тұрғынды ұстауға көмектесті
Қырағы қостанайлықтар полицейлерге мас жүргізуші мен ұсақ бұзақылық жасаған тұрғынды ұстауға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 тамыз күні түстен кейін Instagram әлеуметтік желісін мониторингілеу барысында @ilovekostanay аккаунтында құқық бұзушылық тіркелген фото және видео анықталды.
Әуежай шағын ауданының аулаларының бірінде жалаңаштанған адам JAC T6 көлігінің алдында кіші дәретін сындырған. Біраз уақыттан кейін көлік артқа қарай жүре бастайды, сол уақытта басқа тұрған көлікке тиіп, белгісіз бағытқа кетеді.
Автокөлікті патрульдік полиция қызметкерлері Тәуелсіздік – Чехов көшесінің қиылысында ұстады. Рөлде 28 жастағы жергілікті тұрғын болды, оның жанында дәрет сындырған адам отырды. Екеуі де алкогольдік ішімдік ішкені болып шықты.
Іс жүргізу барысында полицейлер жүргізушінің көлік басқаруға құқығы болмағанынын анықтады. Сонымен қатар биыл ол осындай құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған.
Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша екеуінде де алкогольдік масаңдықтың жеңіл дәрежесі белгіленген.
27 жасар қостанайлық дәрет сындырып, сол арқылы ұсақ бұзақылық жасаған және қоғамдық орында мас күйінде пайда болған адамға қатысты бірден екі әкімшілік хаттама жасалды. Бірінші факт бойынша материал сотта қаралады. Бұл үшін оған ірі көлемде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Екіншісі бойынша оған 5 АЕК (18460 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындалды.
Көлік басқаруға рұқсаты жоқ және бір жыл ішінде қайтадан құқық бұзушылық жасаған адамның мас күйінде автокөлікті басқару фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК 608-бабының 7-бөлігіне сай хаттама толтырылды. Сот іс жүргізу шешімін қабылдайды. Бұл әрекет үшін 30 тәулік әкімшілік қамауға алу қарастырылған.
Қостанайлықтардың екеуі де Қостанай қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Автокөлік мамандандырылған автотұраққа жіберілді.
Қостанай облысының ПД бей-жай қарамайтын азаматтарға, азаматтық ұстанымы мен құқық бұзушылықтарға төзбеушілік танытқандары үшін алғыс білдіреді.
Егер сіз әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтардың куәгері болсаңыз, дереу полицияға 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.