Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облыстық ҚАЖД қызметкері спорттағы жетістігімен бөлісті

Қай салада да спортты серік ететіндер аз емес. Солардың бірі – еліміздің спорт саласының дамуына үлесін қосып, қазақ елінің абыройын асқақтатып жүрген ҚАЖД қызметкері Диана Жандарбай жайлы Polisia.kz сайты әңгімелемек. 

Спорт шеберлігіне үміткер Диана Есенгелдіқызы спорт саласын 2016 жылы Дзюдо күресінен бастаған. Сондай-ақ спортшымыз қоян қолтық ұрысы бойынша ел намысын қорғайды.

Ол Атырау облысы чемпионттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, ҚР чемпионатының жүлдегері, 2023 жылы 7-9 сәуірде өткен қоян-қолтық ұрысы бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Спортшы 2020 жылы құқық қорғау органдары саласында қызметін бастаған. Алғашында №79 мекемесінің бақылаушысы болып, 2023 жылы 4 шілдеде Атырау қалалық пробация қызметінің инпекторы лауазымына тағайындалған.

Спорттағы жетістіктерімен қатар қызметте де қырағылық танытады. Қызметтегі жетістіктері үшін ҚАЖ комитеті төрағасының алғыс хатымен, Атырау облысы полиция департаментінің, Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру