Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР Бас тергеушісі «Қазақстан Республикасы ІІМ үздік тергеушісі, анықтаушысы, криминалисті» байқауын ашты

ҚР Бас тергеушісі Санжар Әділов «Қазақстан Республикасы ІІМ үздік тергеушісі, анықтаушысы, криминалисті» анықтау бойынша байқауды ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 16 қарашада дәстүрлі түрде ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов «Қазақстан Республикасы ІІМ үздік тергеушісі, анықтаушысы, криминалисті» анықтау бойынша жыл сайынғы байқауды ашты.

Байқау ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында өтуде. Академияда жұмыс көрсеткіштері жоғары тергеушілер, анықтаушылар, криминалистер жиналды.

– Іс-шарамыз ішкі істер органдары тергеу және жедел-криминалистикалық бөліністердің тәжірибемен алмасуына жағымды жағдай жасайды және бөліністердің дамуына жаңа серпін береді, – деді Санжар Әділов.

Бүгін оқиға орнын тексеру, ситуациялық міндеттерді шешу бойынша бірінші кезең өтті.

Қызметкерлерді «Менің мамандығым» эссе жазу кезеңі, арнайы дайындық бойынша тестілеу, атыс дайындығы бойынша сынақтар және тағы басқа сайыстар күтіп тұр.

Байқау 2021 жылдың 19 қарашасына дейін өтеді. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру