ҚР ІІМ Алматы академиясында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді
ІІМ Алматы академиясында жыл сайын өтетін халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ең мықты халықаралық сарапшылар мен пр актиктер қоғам үшін өзекті тақырыпты қозғады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сұрақтардың түп төркіні бір, ол – есірткі, және барлығының мақсаты да бір – есірткісіз қоғам құру.
Конференцияға АҚШ, Қырғызстан Әділет министрлігінің есірткі жөніндегі басқармасының өкілдері, БҰҰ есірткі жөніндегі басқармасының сарапшылары, сондай-ақ Қырғызстандағы БҰҰ ЕҚБ бағдарламалық кеңсесінің басшысы және Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының өкілдері қатысты. Сондай-ақ ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басшылығы, ҚР ІІМ Алматы академиясының басшылығы мен қызметкерлері, ҚР ІІМ Қостанай академиясының бастығы және Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы қатысты.
Конференцияның барлық қатысушысы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын белгілейтін баяндамалар жасады.
– 10 жылдан бері Алматы академиясы «Есірткісіз болашақ» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында құқық қорғау органдарына азаматтар арасында есірткі заттарын тарату жолында қуатты тосқауыл қою туралы нұсқау берілді. Осы орайда біз мақсатымызға жетеміз, – деп атап өтті ІІМ Алматы академиясы бастығының міндетін уақытша атқарушы Жанат Ділбарханова.