Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

М.Бөкенбаев атындағы ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтында онлайн және офлайн форматта "Құқық ғылымы және білім: өзекті мәселелер мен инновациялар" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл іс-шара екі маңызды мерейтой - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Қазақстан Республикасы Конституциясына 30 жыл толуына орайластырылған.

Конференцияға Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасының ЖОО-ның жетекші ғалымдары, профессорлық-оқытушылар құрамы, мемлекеттік органдар өкілдері, халықаралық сарапшылар, тәжірибелі заңгерлер, докторанттар және студенттер, жалпы алғанда 115 адам  қатысты.

Ғылыми алаңда құқықтану ғылымының дамуының негізгі мәселелері, заң саласындағы заманауи өзгерістер және құқықтық білім берудегі инновациялық тәсілдер, құқық қорғау органдары үшін кадрлар дайындауда құқықтық білімнің рөлі, Ұлы Отан соғысының тарихи-құқықтық аспектілері және олардың қазіргі заманға маңызы, ҚР Конституциясына 30 жыл: жетістіктер мен даму перспективалары талқыланды.

Институт бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Ғалымжан Есболаев шараны ашып, бұл жұмыс ғылым мен білім беруде инновациялық технологияларды қолданудың жаңа ғылыми-тәжірибелік нәтижелерін қарастыру, пікір алмасу, одан әрі ғылыми зерттеулердің бірлескен бағыттарын іздеу, білім беру және ғылыми ұйымдар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, жаңа байланыстар орнату, жастарды ғылыми зерттеулерге тартуға зор ықпал ететіндігіне сенім білдіріп, сәттілік тіледі.

Конференция жұмысында білім беру үдерісіндегі инновациялық тәсілдер талданып, қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, құқық қорғау қызметі саласында кадрлар даярлау, тәжірибе алмасу және халықаралық стандарттарды іске қосу бойынша ұсынымдар әзірленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру