ҚР ІІМ Басқару академиясы Полиция академияларының халықаралық қауымдастығының ресми мүшесі атанды
ҚР ІІМ Басқару академиясы Полиция академияларының халықаралық қауымдастығының ресми мүшесі атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы 2025 жылғы 6-8 қараша аралығында Түркия Республикасының Невşehir қаласында өткен Полиция академияларының халықаралық қауымдастығының (INTERPA) 14-ші конференциясына қатысты.

Конференцияның негізгі тақырыбы – "Киберқылмыспен күрестегі дамып келе жатқан стратегиялар: цифрлық дәуірдегі құқық қорғау органдарының қызметі" болды. Іс-шара барысында қатысушылар ішкі істер органдары қызметкерлерін киберқауіпсіздік саласында даярлау жүйесін жетілдіру, ақпарат алмасу және заманауи технологияларды оқу процесіне енгізу мәселелерін талқылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Басқару академиясы Полиция академияларының халықаралық қауымдастығына ресми түрде мүше болып қабылданды.
Жаңа мүшелерді қоса алғанда, INTERPA бүгінде әлемнің 65 елінен 82 оқу орнын біріктіреді, бұл ұйымның кең халықаралық мәртебесін және қалыптасып келе жатқан білім беру мен ғылыми желінің маңыздылығын дәлелдейді.

Академияның қауымдастыққа қосылуы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, бірлескен оқу және зерттеу бастамаларына қатысуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының кадрларын даярлау жүйесіне озық халықаралық тәжірибені енгізуге мүмкіндік береді.
