ҚР ІІМ мен БҰҰ ЕҚБ бірлескен жобалар мен өзара іс-қимылдың басымдықтарын талқылады
Ішкі істер министрлігінде Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша Бас хатшысының арнайы өкілі Роза Отунбаевамен және БҰҰ-ның Ауғанстандағы, Орталық Азиядағы, Ирандағы және Пәкістандағы Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) өңірлік өкілі Оливер Штолпемен кездесуі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараптар қолданыстағы бірлескен бастамаларды іске асыру қорытындыларын шығарып, одан әрі ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес, пенитенциарлық жүйені дамыту және құқық қорғау органдарының әлеуетін нығайту басты назарда.
Кездесу қорытындысы бойынша серіктестікті кеңейтіп, жаңа бірлескен жобаларды іске асыру мәселесі қаралды.