Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының орынбасары Маңғыстау облысына іссапармен барды

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Баймағанбетов Маңғыстау облысына жасаған іссапары ясында өңірлік ҚАЖ департаментінің бастығы Алтынбек Қалиевпен бірге №43, №77 мекемеге барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сапар кезінде мекемелердің техникалық базасы, кезекші бөлімдері, бейнебақылау операторларының посттары және өтініштер мен шағымдарды қабылдауға арналған электрондық терминалдардың жұмысы тексерілді.

Негізгі назар мекемелердің техникалық жабдықталуына, цифрландыру деңгейіне және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне аударылды.

№77 мекеме базасында пилоттық жоба іске асырылуда — тергеу изоляторының ғимаратына ұялы байланысты толықтай бұғаттайтын арнайы құрылғылар орнатылған.



Осыған байланысты байланыс операторларының өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында сигналдарды бұғаттауға қатысты техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер, сондай-ақ ҚАЖ мекемелері мен байланыс операторлары арасындағы өзара іс-қимыл бағыттары талқыланды.

Мекемелерге барғаннан кейін Жәнібек Баймағанбетов ҚАЖ департаментінің музейіне барып, экспонаттармен танысты.

Кейіннен ол департаменттің жеке құрамымен жұмыс кеңесін өткізіп, Ішкі істер министрі мен оның орынбасарының тапсырмаларын жеткізді. Кеңес барысында нақты міндеттер жүктеліп, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар белгіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру