Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Қостанай академиясында түлектер форумы өтті

ҚР ІІМ Қостанай академиясында түлектер форумы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында оқу орнының тарихында тұңғыш рет түлектер форумы өтті. Іс-шараға академияда әр жылдары білім алған түлектер жиналды. Оларды Қостанай академиясының бастығы Ақынқали Дарменов қарсы алды.

Академияның барлық түлектерінің атынан Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин ризашылық білдірді.

Ерлан Файзуллин – түлектер қауымдастығының төрағасы.

– Тәуелсіздік жылдарында академия қалыптасудың бірнеше маңызды кезеңдерінен өтті. Жоғары оқу орнының дайындық бейіні ІІМ-нің кадрлық офицерлерді даярлау қажеттіліктеріне сәйкес өзгерістерге ұшырады. Ішкі істер органдары жүйесінде білім беру процесін ұйымдастырудың міндеттері халықаралық стандарт бойынша жоғары деңгейде өзгеріссіз қалады.
Академия бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде жұмыс істейтін мыңдаған түлектерін біліммен қаруландырып, өмірге жолдама берді. Олардың көпшілігі құқық қорғау органдарында және қылмыстық-атқару жүйесінде басшылық қызметтер атқарады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, түлектер атынан академия бастығы Ақынқали Дарменовке және оның ұжымына түлектер форумын өткізгені үшін алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық және жұмыста табыс тілеймін, – деді Қостанай облысы ПД бастығы  Ерлан Файзуллин.

Айта кетейік, биылдан бастап түлектер форумы жыл сайын шілденің әр үшінші сенбісінде Қостанай полиция академиясының қабырғасында өтеді.

Жауап қалдыру