ҚР ІІМ Ұлттық ұлан қызметкері иісшіл иттің көмегімен есірткі жасырылған орынды тапты
ҚР ІІМ Ұлттық ұлан қызметкері иісшіл иттің көмегімен есірткі жасырылған орынды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 қарашада Петропавл қаласындағы көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде полиция қызметкерлерімен бірлескен рейд барысында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кинолог Санат Сүлейменов Диг атты қызметтік итінің көмегімен тыйым салынған заттарды тапты.
– Қызметтік итім өткір иістерді сезу қабілетіне ие, бұл жолы да күдікті зат орналасқан жерді анық көрсетті. Бір бөлмелі пәтерді мұқият тексеру нәтижесінде ас үйдегі газ плитасының астынан өткір иісі бар ақ түсті зат табылып, тәркіленді, – дейді Санат Сүлейменов.
Айта кету керек, бұл қызметтік иттің тыйым салынған заттарды анықтаған алғашқы жағдайы емес .Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Диг бірнеше рет жасырылған есірткі заттарын тапты.