ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары ардагерге көмек көрсетті
ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары Ұлы Отан соғысының ардагеріне көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 ақпан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімнің әскери қызметкерлері “Ұлы Жеңіске 80 жыл” акциясы аясында Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Александр Медведевке көмек көрсетті. Ұландықтар қақаған қыстың суығына қарамай ардагердің үйіне барып, ауланы жиналып қалған қалың қардан тазартты.
- Біздің ұландықтар әр жыл сайын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмек көрсетеді. Бұл біз үшін бұрыннан қалыптасып кеткен игі іс десек те болады. Міне, биылғы жылы Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай біз ардагерлерімізге ерекше құрмет көрсетіп, қол ұшымызды созудамыз, – деп атап өтті тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Алексей Бондаренко.
Өз кезегінде Александр Павлович ұландықтарға ыстық лебізінде білдірді.
– Мен үшін құрметтеп сыйлап келетін әрбір жан ыстық. Ал Ұлттық ұлан сарбаздарына келер болсам, жыл сайын күннің ыстық суығына қарамай маған өздерінің көмек қолдарын созады. Сол үшін менің Ұлттық ұланға деген алғысым шексіз - деді тыл ардагері Александр Медведев.
Қазіргі уақытта ұландықтар тек Қарағанды қаласында ғана емес еліміздің барлық аймағында Ұлы Отан соғысының ардагелеріне көмек көрсетуде.