Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары марафонда жүлдегер атанды

Ұлттық ұлан 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілері марафонда жүлдегер атанды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай қаласында дәстүрлі Kostanay Half Marathon 2025 жарысы өтті. Бұл спорттық додаға еліміздің түкпір-түкпірінен және көршілес Ресей Федерациясынан әуесқой желаяқтар жиналды. Жартылай марафон қашықтығы 21,1 шақырымды құрап, қатысушылардан жоғары төзімділік пен дайындықты талап етті. 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де бұл сынға бей-жай қарамай, 4 адамнан құралған команда шығарып, эстафеталық жарысқа қатысты.

Жалпы есепте барлығы 9 команда бақ сынады. Олардың қатарында елордасы Астанадан, Ақтөбе мен Қостанай қалаларынан, сондай-ақ Ресей Федерациясынан келген спортшылар болды. Әр команда өз аймағының абыройын қорғап, жеңіс үшін жан аямай күш салды.
6697 әскери бөлімінің спортшылары мәреге дейін үздіктер қатарында болды. Қарсыластарына лайықты деңгейде төтеп беріп, жоғары спорттық шеберліктерін көрсетті. Нәтижесінде біздің команда алтын тұғырдан бір қадам қалып, жалпыкомандалық есепте 2-орынды иеленді.

Бұл жетістік әскери қызметшілердің тек қана саптағы міндетін адал атқарып қана қоймай, спортта да биік белестерді бағындыра алатынын дәлелдейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру