ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары тұрғындарға жоғалған телефондарын тауып берді
ҚР ІІМ Ұлттық ұланның Шымкент қалалық жедел құрамасының әскери жасағы қызмет атқару кезінде қала тұрғындарына жоғалған телефондарын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 қыркүйек күні сағат 20:35 шамасында Түркістан ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқару барысында әскери жасақ бастығы ефрейтор Рамиль Нұрмағамбетов пен патрульші сарбаздар Нұрбахыт Арысбеков, Александр Карташовпен және Әли Әйтімовпен Honor телефонын тауып алды.
Олжа туралы әскери жасақ бойынша кезекшіге хабарлайды. Сарбаздар смартфон иесін анықтап, растығына көз жеткізіп, иесіне табыстайды. Қала тұрғыны ұландықтарға алғысын білдірді.
Сондай-ақ осы күні сағат 21:50 шамасында әскери жасақ бастығы ефрейтор Нұрасыл Долдаш, патрульші сарбаздар Ержан Санабекұлы мен Берекет Кемалов патрульдік-бекеттік қызметті атқару кезінде жерден IPhone-14 телефонын тауып алған.
– Гаджетті тапқаннан кейін дереу патрульдік топтың бастығына хабарладық. Базаның көмегімен телефон иесіне қоңырау шалып, қуанышты хабарды жеткіздік. Көп ұзамай телефон заңды иесіне қайтарылды, – дейді әскери жасақ бастығы.
Қуанышы қойнына сыймаған бойжеткен қырағы және адал қызмен үшін әскери жасаққа ризашылығын білдірді.