Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалған баланы ата-анасына табыстады

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалған баланы ата-анасына табыстап, әмиян иесін де қуантты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай қаласындағы Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілері патрульдік қызмет барысында адам өміріне маңызды екі жағдайдың шешімін тауып, нағыз азаматтық ұстаным мен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.

Кезекті патруль кезінде әскери жасақ бастығы – қатардағы Евгений Ковалевский және патрульдік құрамдағы қатардағы Қайыңбек Мұхтар мен қатардағы Сарсенов Аслан көшеде жалғыз жүрген, жылап тұрған кішкентай баланы байқап қалады. Олар дереу баламен сөйлесіп, оны тыныштандырып, ата-анасын табуға кіріседі. Араға көп уақыт өткізбей, әскери жасақ баланы ата-анасына аман-есен табыстайды.

Балақайдың ата-анасы сарбаздарға ерекше алғысын білдіріп, олардың жанашырлығы мен жедел әрекетіне ризашылықтарын айтты.

Алайда бұл олардың сол күнгі жалғыз ерлігі емес еді. Сол күні патрульдеу барысында әскери қызметшілер көшеден әмиян тауып алды. Еш ойланбастай әскери жасақ , жоғалған әмиянды иесіне толықтай қайтарды. Әмиян иесі әскери патрульге ризашылығын білдіріп, мұндай адалдықты көргеніне қуанды.

Бір күн ішінде екі маңызды азаматтық әрекет жасаған әскери жасақ құрамына қала тұрғындары өз алғысын айта білді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру