Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалған қызды анасына тауып берді

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалған қызды анасына тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күнделікті қала тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында Есіл ауданында патрульдік-бекеттік қызметке шыққан 5573 әскери бөлімінің жауынгерлері қырағылығымен көзге түсті.

Кешкі сағат 21:30 шамасында Орынбор көшесінде қызмет атқарып жүрген әскери жасақ бастығы қатардағы Бөкейхан Сахынбек мен патрульдеуші қатардағы Қайыржан Жанұзақов қараусыз жүрген кішкентай қызды байқап қалған.

Әскери қызметшілер баланы көрген сәтте-ақ оның жағдайын сұрастырып, мән-жайды анықтауға кірісті. Анасынан көз жазып қалған кішкентай Маша есімді қыз қорқып қалғандықтан, онымен жылы сөйлесіп, тыныштандырғаннан кейін ата-анасын іздеу жұмыстары дереу ұйымдастырылды.

Орынбор көшесіне қызметте жүргенімізде қараусыз қалған баланы байқап қалдық. Анасынан көз жазып қалған қызға жақындап, мән-жайды сұрап болған соң тез арада іздеу жұмыстарын ұйымдастырдық, – деді қатардағы Бөкейхан Сахынбек .

Қызмет барысында қырағылық танытқан ұландықтар араға небәрі 15 минут салып баланың анасын тауып, оларды қайта қауыштырды. Қызын аман-есен тауып алған ана өз кезегінде әскери жасаққа алғысын айтып, ұландықтардың қиын да жауапты қызметіне сәттілік тіледі.

Бұл оқиға ұландықтардың жоғары жауапкершілігін, қырағылығы мен кәсіби шеберлігін тағы бір дәлелдеді. Ұландықтар текқала көшелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етіпқана қоймай, сондай-ақ азаматтардың өміріне бей-жай қарамайтын нағыз батыл жандар екенін көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру