Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбазы ерекше қамқорлығымен көзге түсті

5573 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жас сарбаз, қатардағы Жантас Аңсар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммиті кезінде қала көшелерінің бірінде қызметте жүріп, халыққа қол ұшын созған. Тайғақ жерде азаматтардың құлап қалмауы, жарақаттанбауы үшін ол әрқайсысына көмектесіп тұрған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІО қызметкерлері саммит кезінде күшейтілген режимде қызмет атқарды.

– Қарт кісілердің тайғақ жерден әрең өтіп жатқандарын байқап қалдым. Әсіресе, балалар, әйел кісілер мен қарт кісілерді қамқор болу артық болмас дедім. Екі күн қатарынан сол жерде қызметте тұрып, тұрғындарға көмектестім. Менің орнымда болған әр азамат дәл осылай жасайтын еді, – деді сарбаз.

Осылайша. екі күн қызметінде шамамен 300-дей азаматқа көмегін тигізген Жантас әлеуметтік желіде жұлдызға айналды. Халықтың ерекше ілтипатына бөленген сарбазға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков 10 күндік демалыс жариялады. Бүгінде Аңсар Павлодар қаласында, жақындарының қасында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру