Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбазы шорт-тректен Азия чемпионы атанды

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбазы шорт-тректен Азия чемпионы атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының спорт командасының мүшесі, еңбек сіңірген спорт шебері Абзал Ажғалиев 2025 жылғы Азия ойындарында шорт-тректен чемпион атанды.

Қазақстанның ерлер құрамасы – Денис Никиша, Абзал Ажғалиев, Әділ Ғалияхметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев және Айбек Насен  эстафетада алтын медаль жеңіп алып, Жапония мен Қытайдың мықты командаларын артта қалдырды. Фаворит саналған Оңтүстік Корея құрамасы ереже бұзғаны үшін айып алып, жүлдеден тыс қалды.

Харбинде өткен Азия ойындарындағы бұл жеңіс – отандық шорт-трек тарихындағы айтулы жетістік. Қазақстан алғаш рет бұл спорт түрінен Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Ұлттық ұлан өз спортшысымен мақтанады. Ол көптеген жылдар бойы ел намысын халықаралық аренада абыроймен қорғап келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру