Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұланда 30-дан астам ұлт өкілдері қызмет етеді

ҚР ІІМ Ұлттық ұланда 30-дан астам ұлт өкілдері қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін көпұлтты еліміз бейбітшілік пен ұлтаралық толеранттылық мерекесі — Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуде. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының елордалық полкінде түрлі ұлт өкілдері қызмет етеді. Мереке қарсаңында олар қарулас достарына өздерінің мәдениеті мен дәстүрінің элементтерін тарту етті.

- Құқықтық тәртіп әскерінде жыл сайын татулық күніне орай "Бір шаңырақ астында", "Бірлік сабақтары", "Қазақстан — ортақ үйіміз" атты дәстүрлі акциялар өткізіледі. Бұл іс-шаралар еліміздің бай мәдени мұрасын көрсете отырып, әскери қызметшілер арасындағы ұлтаралық келісімді, патриотизм мен достықты нығайтуға ықпал етеді, - дейді 6636 әскери бөлімі командирінің орынбасары Нұрлан Башенов.

Айта кетейік, бүгінде Ұлттық ұлан қатарында отыздан астам ұлт өкілдері қызмет етуде. Олардың ішіндегі саны жағынан ең көбі — орыс, өзбек және татар ұлтының өкілдері. Сондай-ақ ұландық сарбаздар сапында эстондықтар, гректер мен камчадалдар да бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру