Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионы атанды

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионы атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 28 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Ресей Федерациясының Саратов қаласында ерлер мен әйелдер арасында әмбебап жекпе-жектен Әлем біріншілігі өтті.

“Протон – Арена” спорт сарайында өткен аталмыш сайысқа отыз елден келген 300-ден астам спортшы қатысты.

Сонымен қатар халықаралық додада Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланыОрталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты Қостанай қаласында орналасқан 6697 әскери бөлімінің әскери Ержан Абикеев те бақ сынаған болатын. 60 келі салмақта күш сынасқан ұландық офицер сайыс барысында өз қарсыластарына дес бермей, жүлделі бірінші орынды иеленді.

Бұл өте ерекше спорт түрі. Жекпе-жек алдында спортшылар кедергілерден өтуі керек. Мен үшін бұл жарыс өте сәтті өтті. Қажырлы еңбегімнің арқасында мен бүгін Әлем чемпионы атағына ие болдым. Ішкі істер министрінің орынбасарыҰлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековке және Бас қолбасшылыққа алға жылжуыма және жаңа биіктерге қол жеткізуіме қолдау білдіргені үшін алғыс айтамын, – деді Ержан Әбікеев.

Жарыс соныңда жүлдегер атанған барлық спортшыларға арнайы сыйлықтар мен кубоктар және медальдар табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру