ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының базасында кеңес өтті
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының базасында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығына арналған қорытынды кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесудің негізгі тақырыбы – әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру мен жалақы деңгейін арттыру мәселелері болды.
Кеңес жұмысына ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің әскери департаменті, Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы мен тиісті құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қатысты. Жиын барысында әскери қызметшілердің әлеуметтік салада жиі ұшырасатын өзекті мәселелері талқыланып, оларды заңнамалық деңгейде шешу жолдары қарастырылды.
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша Ұлттық ұлан өкілдері, заңгерлер және салалық мемлекеттік органдар қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобы құрылатын болды. Оның басты мақсаты – әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және еңбекақысын арттыруға бағытталған нақты заңнамалық ұсыныстар әзірлеу.
Әскери департамент қызметкерлері әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігіне, сондай-ақ жалақыны төлеудің әділ жүйесі мен әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ететін заңнамалық бастамалардың маңыздылығына назар аударды. Кеңесте көтерілген маңызды бастамалардың бірі – әскери қызметке түсетін қосымша жүктеме үшін ақшалай үстемақы енгізу туралы ұсыныс болды. Кеңеске қатысушылардың пікірінше, бұл – жеке құрамды ынталандыру мен әскери ортадағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтудың нақты қадамы болмақ. Бұл бағыттағы жұмыс жыл соңына дейін жалғасады және ұсыныстар уәкілетті мемлекеттік органдар деңгейінде қаралатын болады.