Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы білім беру мекемесімен келісімге қол қойды

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Алматы қаласы білім басқармасының "№166 лицей" КММ-мен келісімге қол қойды, оның аясында әскери қызметшілер тәрбие жұмыстары мен патриоттық іс-шараларға белсенді қатысатын болады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірлескен бастама жастардың бойында өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, құқық қорғау саласы қызметінің мәртебесін көтеруге және әскери мансабын дәріптеуге бағытталған.

Жаңа келісім бойынша өткізілген алғашқы іс-шара барысында "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының офицерлері лицейдің 9-11 сынып оқушыларымен кездесті. Онда Отанды қорғаудың, әскерде қызмет етудің маңыздылығы мен құқық тәртібі әскерлері қатарында қызмет ету мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ оқушыларға ҚР ІІМ Ұлттық ұлан академиясындағы оқу жүйесі туралы айтылды.

- Мектеп қабырғасынан бастап патриоттық тәрбие берген жөн. Бүгінде басты міндеттердің бірі - мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біздің болашағымыз - жастардың қолында, - деді 5571 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Ұлықбек Қараев.

Мұндай ынтымақтастық оқушыларға қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі Ұлттық ұланның рөлін жақсы түсінуге көмектесетін азаматтық-патриоттық тәрбие бағдарламасының бір бөлігіне айналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру