Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұланына Росгвардия делегациясы келді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Ресей Федерациясы Ұлттық гвардиясының Федералдық қызметі арасында бұрын жасалған келісімдер аясында ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары Бауыржан Әбжанов Ресей Федерациясының Росгвардиясымен кездесті. Делегацияны Росгвардияның Білім және ғылым басқармасының бастығы Александр Медведев бастап келген, –   деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында Ресей федерациясында ІІМ Ұлттық ұланына қажетті кадрлар даярлау мәселелері талқыланды. Делегация құрамында РФ Ұлттық гвардиясының Пермь әскери институтының бастығы Филипп Сиволапов пен басқа да офицерлер болды.

– Қазақстан Республикасының ІІМ Ұлттық ұланы Ресей Федерациясы Ұлттық гвардиясының Федералдық қызметімен қарым-қатынас орнатуға үлкен мән береді. Өйткені бұл біздің екіжақты әскери ынтымақтастықтағы маңызды серіктесіміз. Екі ел арасындағы достық және сенімді қарым-қатынастар ең алдымен екі елдің басшыларының арқасында қалыптасқан. 2023 жылы қол қойылған біздің ведомстволар арасындағы ынтымақтастық туралы келісім екіжақты қатынастарға жаңа серпін берді және барлық бағыттарды белсенді етуге мүмкіндік берді. Росгвардия – біз тығыз байланыс орнатып, өзара тиімді тәжірибе алмасуды жоспарлаған негізгі серіктестердің бірі, – деді кездесудің ашылуында генерал-майор Бауыржан Әбжанов, — деп атап өтті Бауыржан Әбжанов.

Росгвардия делегациясының басшысы Александр Медведев Росгвардияның басшысы — Виктор Золотовтың құттықтау сөздерін жеткізіп, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың терең тарихи тамырлары бар екенін және қазіргі уақытта олар өте динамикалық түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

Росгвардия делегациясының жетекшісі Александр Медведев өз сөзінде Росгвардия әскерлерінің бас қолбасшысы – Росгвардияның директоры Виктор Золотовтың құттықтау сөздерін және жылы тілектерін жеткізді.

– Біздің қатынастарымыздың тамыры тереңде, олар ғасырлардан бері жалғасып келеді. Бүгінде олар өте динамикалық түрде дамып келеді. Жақында Қазақстан делегациясы Пермь әскери институтын аралап келсе, қазір біз қонақжай Қазақстан жерінде отырмыз. Бұл әскери оқу орнында кинологтар дайындау жүргізіледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы үшін де мамандар даярланады. Қазіргі уақытта бізде төрт әскери оқу орны бар, ал қазан айында Санкт-Петербургтегі Жоғары саяси училищеде академия ашылды. Онда әскери-саяси және командалық-артиллериялық факультеттер ашылған, – деді Александр Медведев.

27 қарашада Астанада Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин жұмыс сапарымен келді, ол Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы саммитіне қатысты.

– Қазақстан тарапынан айтылған барлық ұсынысты біз жұмыс істеп, әрі қарай дамытуды жоспарлап отырмыз. Бұл адъюнктурада оқыту, диссертация қорғау, сондай-ақ біздің оқу орындарымызбен келісімдер жасау, – деді делегация басшысы қорытынды сөздерінің бірінде.

Одан кейін қонақтар Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының қызметімен, жауынгерлік міндеттерімен танысты. Бұл жайында Ұлттық ұланының даму және ақпараттық-талдамалық жұмыстар басқармасының бастығы Алем Тасмағамбетов баяндады.

Дәл осы күні Росгвардия делегациясы Қазақстан Республикасының Қорғаныс университетінің Ұлттық ұлан факультетіне барып, оның қызметімен танысты. Бұл факультет әскери мамандарды бес мамандық бойынша даярлайды. Ресей әскери қызметшілері сондай-ақ елордадағы Ішкі істер министрлігінің авиациялық базасының объектілерін аралады. Атап айтқанда, 3656 әскери бөлімінің штаб, клуб, спортзал және кітапханасын көрді. Олар әскери бөлімнің тарихы мен жауынгерлік даңқ мұражайымен танысып, инженерлік-техникалық және ұшу құрамының тамақтануы мен қамтамасыз ету ұйымдастыру шарттарын, сондай-ақ авиациялық базаның құрылу тарихы мен қызметі туралы бейнероликті тамашалады. Сонымен қатар делегацияның Петропавл қаласында орналасқан Ұлттық ұлан академиясын аралауы жоспарланған.

Айта кетейік, 1997 жылдан бері Ұлттық ұланның шамамен 500 әскери қызметшісі Ресей Федерациясының жоғары әскери оқу орындарында білім алған, оның ішінде Росгвардия оқу орындарында 47 әскери қызметші оқыды. Жүйелі түрде ғылыми салада халықаралық іс-шаралар өткізіліп, ведомстволық оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамдары конференциялар мен семинарларға белсенді қатысады, сондай-ақ екі ведомство ғалымдарының ғылыми еңбектері екі елдің мерзімді баспасөздерінде жарияланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру