Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұланында кеңейтелген әскери кеңес отырысы өтті

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың төрағалығымен Әскери кеңес отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әскери кеңеске өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, Ұлттық ұлан Академиясының бастығы, Бас басқармалар (басқармалар), орталықтар, дербес бөлімшелер мен қызметтердің басшылары қатысты. Сондай-ақ бейнеконференция режимінде өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдердің қолбасшылық құрамының офицерлері қосылды.

Күн тәртібінде Ұлттық ұланның 2025 жылғы жауынгерлік қызметінің қорытындылары қаралып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.

Отырысты ашқан Ішкі істер министрі Ұлттық ұланның ІІМ жүйесіндегі шешуші рөлін атап өтіп, елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде маңызды орын алатынын айтты.

Әскери кеңесте Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары — Бас штаб бастығы Қайрат Ақтановтың, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының және Ұлттық ұлан Академиясы бастығының жауынгерлік қызметтің жай-күйі туралы баяндамалары тыңдалып, өзекті мәселелер аясында сөз қозғалды. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, жауынгерлік даярлықтың жай-күйі және жаңа әскери бөлімдерді жасақтау мәселелері талқыланды.


Отырыс қорытындысы бойынша Министр әскери қызметшілер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту, жарақат алу жағдайларын болдырмау, әскери тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ әскери бөлімдердің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Өз кезегінде Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков жүктелген барлық міндеттер белгіленген тәртіппен және тиісті деңгейде орындалатынын атап өтті.

Сонымен қатар ІІМ әскери-тергеу департаментіне барлық әскери бөлімшелерде әскери қызметшілер арасында профилактикалық жұмысты бақылау және күшейту жөнінде бөлек тапсырма қойылды.

Әскери кеңес отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, орындау және басшылыққа алу үшін өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдерге жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру