Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұланында қорытынды кеңейтілген кеңес өтті

ҚР ІІМ Ұлттық ұланында биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековтың төрағалығымен "2025 жылдың 9 айындағы Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік іс-қимылының қорытындылары және IV тоқсанға арналған міндеттер" тақырыбында кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңес жұмысына Бас қолбасшылықтың бас басқармалары мен орталықтарының, дербес бөлімдерінің басшылары, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары және әскери бөлімдердің командирлері қатысты.

Отырыста құқықтық тәртіп әскерінің қызметіне қатысты өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету мен қадағалау жөніндегі жауынгерлік қызметті ұйымдастыру, тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі, әскери қалашықтардың 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы және Ұлттық ұланның даму перспективалары талқыланды.

Бас қолбасшы Аңсаған Балтабеков өз сөзінде заңдылық пен тәртіпті сақтау, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету — әрқашан басты басымдық болып қалатынын атап өтті. Сондай-ақ ол әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын қорғау бағытындағы профилактикалық шараларға ерекше назар аударуды тапсырды. Оның ішінде жеке құрамды дәрумендермен қамтамасыз ету, вакцинациялау, дұрыс тамақтану мен су режимін сақтау, маусымдық киім-кешекпен жабдықтау және қызметтік, тұрмыстық үй-жайларда температуралық режимді қадағалау мәселелері қозғалды.

— Ұлттық ұлан мемлекеттің сенімді қалқаны болып қала береді. Әрбір әскери қызметші қоғам мен заң алдындағы өз жауапкершілігін терең сезінуі қажет. Құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығы, тәртіп пен кәсібиліктің жоғары деңгейі — азаматтардың құқықтық тәртіп әскеріне деген сенімін нығайтудың басты кепілі, — деді Аңсаған Балтабеков.

Алдағы кезеңге арналған басым міндеттер қатарында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жасалған қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету, шақыру науқанын ақпараттық тұрғыдан кеңінен сүйемелдеу және оны жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу белгіленді. Сондай-ақ 2025 жылғы қараша айында қызмет мерзімі аяқталатын сарбаздардың арасынан үздіктерді іріктеу

Кеңес қорытындысында Бас қолбасшы барлық деңгейдегі басшыларға қойылған міндеттердің сапалы орындалуы үшін жеке жауапкершілікті арттыруды, жауынгерлік әзірлікті нығайту мен құқықтық тәртіп әскерін басқару жүйесін жетілдіру бағытында үйлесімді жұмыс жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру