ҚР ІІО ардагері Вячеслав Шестаков 90 жасқа толды
ҚР ІІО ардагері Вячеслав Шестаков 90 жасқа толды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ардагері милиция майоры Шестаков Вячеслав Павлович өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл – тек жеке мереке ғана емес, елге адал қызмет еткен азаматтың өмірі мен еңбегін құрметтеу күні десек те болады.
Мерейтой иесін арнайы құттықтап, салтанатты кездесуге Абай облысы полиция департаменті жеке құраммен жұмыс басқармасы бастығының орынбасары Асхат Слямов, сондай-ақ ҚР ІІМ ардагерлері – милиция полковнигі Косубаев Валерий Смагулович пен полиция полковнигі Ганский Владимир Федорович қатысып, Вячеслав Павловичтің ішкі істер органдарындағы қажырлы еңбегін, адалдығы мен қайсарлығын тілге тиек етті. Оның өмір жолы – ерлік пен патриотизмнің, құқық қорғау қызметіне деген адалдықтың жарқын үлгісі ретінде жас буынға өнеге бола алады.
Мерейтой иесіне Абай облысы полиция департаментінің бастығы атынан Құрмет грамотасы табысталып, көп жылдық мінсіз еңбегі мен қызметке деген жанқиярлық адалдығы үшін алғыс білдірілді.
Сонымен қатар ардагерге естелік сыйлықтар ұсынылып, ақ-жарма тілектер арналды.