ҚР көші-қон заңнамасын бұзған Тәжікстан және Бангладеш азаматтары елден шығарылды
ҚР көші-қон заңнамасын бұзған Тәжікстан және Бангладеш азаматтары елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әуежайды тексеру кезінде Қазақстанда болуға рұқсат етілген мерзім өткеннен кейін елден кетуден жалтарғаны үшін Бангладеш Республикасының екі азаматы мен Тәжікстан Республикасының бес азаматын анықтады.
Полицейлер шетелдік құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырып, материалдарды Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдады.
Сот қаулысымен шетелдік азаматтар кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасынан тысқары жерге шығарып жіберу түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Сондай-ақ осы құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасына 5 жыл ішінде кіруге шектеу қойылды.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлерімен ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін 95 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттардың қаулысымен 18 шетелдік азамат елден шығарылды.