ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты.
«Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады»-деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.