Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев СҚО ПД қызметкерлерімен кездесті

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің басшылығымен және учаскелік инспекторларымен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов ведомствоның жедел жағдайы, 9 айдың қорытындысы бойынша қылмыстың 14 пайызға төмендеуі, сондай-ақ жұмыс процестерін цифрландырудағы жетістіктер мен алдағы жоспарлар туралы айтты.

Солтүстік Қазақстан облысында бейнебақылаудың бірыңғай жүйесі кеңейіп келеді. Жасанды интеллект негізіндегі бейнеаналитика енгізілуде. Бұл технология адамдардың бейнесін, силуэттерін және заттарды автоматты түрде тануға мүмкіндік береді. Осындай функциялар учаскелік инспекторлар мен патрульдік полицейлердің дене камераларында да қолданылады. Жоба "Цифрлық полицей" бастамасы аясында жүзеге асырылуда. Ұқсас алгоритмдер Петропавл қаласының мектептерінде де енгізілуде.

Мәлік Отарбаев "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу жолдары" атты Президент Жолдауының мазмұнын түсіндіріп, заманауи технологиялардың мемлекеттік органдардың тиімділігін арттырудағы маңызды рөлін атап өтті.

Петропавл қалалық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Мұрат Арыков әріптестері атынан сөйлеп, электрондық құжат айналымы әкімшілік хаттамалармен жұмысты бірнеше есе жеделдетіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік беретінін айтты.

Жеке құрамның әлеуетін тиімді пайдалану және "Заң мен Тәртіпті" нығайту мақсатындағы цифрландыруды одан әрі дамыту – СҚО полиция департаментінің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру