ҚР Президентінің кеңесшісі Павлодар полициясында кездесу өткізді
ҚР Президентінің кеңесшісі Павлодар облыстық полиция ведомствосында кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Мәлік Отарбаев Павлодар облысының құқық қорғау және арнайы органдарымен кездесіп, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың нұсқауын жеткізіп, Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерілген негізгі мәселелер мен стратегиялық бағыттарға тоқталды.
- Елбасы атап өткендей, мемлекеттің болашағы үш іргелі құндылыққа негізделуі тиіс: әділдік, ұрпақтар сабақтастығы және прогресс. Әділ шешім қабылдауға қабілетті азамат қана қоғамға нақты пайда әкеле алады, - деп атап өтті Мәлік Отарбаев.
Мемлекет Басшысының бағдарламалық сөз сөйлеуі мемлекеттік саясаттың маңызды құжаты, спикер айтылған бастамалар халықтың өзекті мәселелерін шешуге бағытталғанын атап өтті.
Кездесуде "Заң және Тәртіп"қағидаты бойынша азаматтардың қауіпсіздік жүйесін жетілдіру, алдын алу және мінез-құлық мәдениеті мәселелері талқыланды.
- "Заң және Тәртіп" қағидаты ішкі істер органдары қызметінің негізі болып табылады және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өңірдегі қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қолдауға бағытталған. Әркім білуі керек, бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді. Отырыста айтылған барлық тапсырмалар іске асырылуда және ерекше бақылауда,- деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.
Бұдан әрі генерал ҚР Президентінің кеңесшісін полицияның күштері мен құралдарын жедел басқару процестерін автоматтандыруға арналған "ЖБО 2.0" заманауи аппараттық-бағдарламалық кешені енгізілген жаңғыртылған жедел басқару орталығымен таныстырды. Бұрын облыс орталығында болған жалпы бейнебақылау камералары неғұрлым техникалық жетілдірілгенге ауыстырылды.
Василий Скляр атап өткендей, бүгінде полицияның барлық аумақтық бөлімдерінде 864 жалпы бейнебақылау камерасы мен жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеудің 60 жүйесін қамтитын жедел басқару орталықтары құрылды.
Кездесу аясында Мәлік Отарбаев полицияның күштері мен құралдарын жедел басқару процестерін автоматтандыруға арналған "ЖБО 2.0" заманауи аппараттық-бағдарламалық кешені енгізілген жаңғыртылған жедел басқару орталығымен танысты. Бұрын облыс орталығында болған жалпы бейнебақылау камералары неғұрлым техникалық жетілдірілгенге ауыстырылғаны атап өтілді.
Қазіргі таңда облыстың барлық аумақтық бөлімдерінде 864 жалпы бейнебақылау камерасы мен жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеудің 60 жүйесі жұмыс істейді. Бұл шаралар қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Кездесу соңында Мемлекет басшысының кеңесшісі құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтіп, олардың кәсіби шеберлігі мен адалдығына жоғары баға берді.