Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құлбековтер әулеті – елге адал қызметтің өнегелі үлгісі

Қостанай облысының ішкі істер органдарында қоғамға адал қызмет етудің, азаматтық борышты абыроймен атқарудың жарқын үлгісіне айналған есімдер бар. Солардың бірі – Құлбековтер әулеті. Бұл әулетте полиция қызметі әкеден балаға ар-намыс пен жауапкершілік мұрасы ретінде беріліп келеді. Толығырақ Polisia.kz сайтынан оқыңыздар.

Сапабек Құлбеков ішкі істер саласында 25 жылдан астам уақыт табанды еңбек етті. Қостанай педагогикалық институтын тәмамдағанымен, оның тағдыр жолы ІІМ Қарағанды жоғары мектебімен тығыз байланысып, дәл осы мекемеде өзінің кәсіби бағытын тапты. Қызметін жедел уәкіл ретінде бастаған ол, кейін жедел бөлімше бастығы, аудандық полиция бөлімдерінің басшысы сынды жауапты лауазымдарды абыроймен атқарды.

Сапабек Құлбеков адал еңбегі мен үлгілі қызметі үшін түрлі марапаттарға ие болды. Ол "Милиция үздігі", "ҚР ІІМ Құрметті ардагері төсбелгілерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Бүгінде зейнет жасында болса да, қоғамдық белсенділігін тоқтатпай, Қостанай облысы полиция департаментінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде елге қызмет етуді жалғастыруда.

Оның үлгісі ұлы Рустам Құлбековке де үлкен әсер етті. Бүгінде ол Қостанай қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметінде абыроймен еңбек етіп келеді. Жауапкершілік пен қарапайымдылықты өмірлік ұстаным еткен Рустам – қызметке адалдық пен адамгершілік құндылықтардың айқын көрінісі.

- Бала кезімнен бастап әкемнің әріптестері оған қандай құрметпен қарайтынын көріп өстім. Полицей болу — жай ғана жұмыс емес, бұл — өмір салты екенін сол кезде-ақ түсіндім, – дейді ол.

Құлбековтер әулеті – ұрпақтар сабақтастығы мен мамандыққа шынайы адалдықтың көркем бейнесі. Бұл отбасының тағылымы – елге қызмет етудің шынайы миссия екенін дәлелдейтін жарқын үлгі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру