Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құмның арасына белгісіз біреулер екі есірткі алқабын еккен

Қызылорда облысында құмның арасына белгісіз біреулер екі есірткі алқабын еккен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың қыркүйек айының 3 күні сағат 13:00 шамасында АПб-нің Кб-не қоңырау шалып Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылының күн батыс бетіндегі құмның арасына белгісіз біреулер екі есірткі алқабын еккені туралы хабарлап Жедел тергеу тобын сұратқандығы жайлы хабарлама тіркелген.

Аталған хабарлама бойынша жедел тергеу тобы оқиға орнына барып анықтағаны; Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылынан күн батысқа қарай шамамен 200 шақырым жерде орналасқан “Қара ой” деп аталатын құмды далада 20 соттық болатын, арнайы дайындалған егістік алқаптан ерекше исі бар жасыл түсті 5 032 түп шөп анықталған.

Аталған қылмыс бойынша оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, оқиға орнының қарау жүргізу  хаттамасы толтырылып фото суретке түсірілді.

Аталған қылмыс бойынша күдікті 1) Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Ақтамберді жырау көшесі тұрғыны М. есімді азамат 2) Қызылорда қаласы, А.Қайнарбаев көшесі тұрғыны Р. есімді азамат 3) Қызылорда облысы, Арал ауданының тұрғыны Д. есімді азамат оқиға басынан ұсталып, ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі 1,3-тармағымен қылмыстық құқық бұзушылық белгілері байқалатынын ескеріп, қылмыстық іс қозғалды.  

Осы оқиға бойынша ұсталған күдіктілер АПб-нің УҰИ-на ҚР ҚПК-нің ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі 1,3-тармағымен қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру