Құқық бұзған 40 такси жүргізушісі анықталды
Железин ауданында такси жүргізушілерімен орын алған 40 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Железин ауданы Полиция бөлімінде жолаушылар тасымалдау, такси құрылғыларын заңсыз пайдалану, сондай-ақ осы санаттағы көлік құралдарының жүргізушілерімен Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережесін сақтау аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау бойынша іс-шара өткізілді.
Шара қорытындысы бойынша Железин ауданының тәртіп сақшыларымен 41 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, олардан көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану үшін – тоғыз, қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін – 12, мас күйінде көлік жүргізгені үшін – бір, құжатсыз және көлік жүргізу құқығынсыз жүргізгені үшін жеті құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.