ТЖ талаптары сақталмай отыр
Қызылорда облысы бойынша төтенше жағдай талаптарын сақтамаған 171 құқық бұзушы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төтенше жағдай талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша жүргізілген рейдтер барысында 499 мекеме мен ойын-сауық орындары тексерілді. Тексеру кезінде төтенше жағдай талаптарын бұзған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабымен 171 дерек анықталды.
Аталған құқық бұзушылықтар қала төңірегінде– 123, Арал-5, Қазалы-10, Қармақшы-4, Жалағаш-2, Сырдария-3, Шиелі-5, Жаңақорған-6 және Байқоңыр қаласындағы өкілдікпен 13 дерек анықталып, 49 кафе, 17 жеке үй, 34 дүкен, 18 көлік жөндеу орыны, 8 компьютер клубы, 5 көлік жуу орыны, 5 қонақ үй, 9 бекетті заңсыз айналып өту дерегі және 26 басқа да қызметтер белгіленген уақыт пен шектеулерді сақтамай өз жұмыстарын жалғастырған.
Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік сотымен 98 әкімшілік іс қаралып, 46 адамға айыппұл салынса, 52 адам әкімшілік қамауға алынды.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарияланған материалдарға мониторинг жүргізіліп, көрінеу жалған ақпарат таратылған 11 дерек анықталды. ҚР Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Облыс бойынша 35 бекет құрылды. Қызылорда қаласында- 5, Арал- 3, Әйтеке би кентінде-2, Жосалыда-3, Жалағаш-7, Тереңөзекте- 4, Шиеліде- 6, Жаңақорғанда- 4 бекет орналасқан.
Облыс аумағына кіретін автожолдарда азаматтарды медициналық тексеруден өткізу мақсатында 3 санитарлық-өткізу бекеттері жұмыс атқарып келеді.
Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасып жатыр.