Құқық бұзушыларға профилактикалық жұмыстар жүргізілді
Түркістан облысында отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы онлайн режимде 125 қоғамдық іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы аумағында 2020 жылғы қараша айының 25 мен желтоқсан айының 10 күндері аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізілді. Акцияны өткізу барысында онлайн режимде 125 қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Оның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдарда – 30, оқу орындарында – 70, сонымен бірге елді мекендерде өткізілген мобильдік акциялар – 25. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы, үйдегі зорлық, зорлық-зомбылыққа жол берілмесін, гендерлік теңдік, әйелдердің құқықтары, адам саудасы тақырыптарында онлайн форматта «ZOOM» арқылы кездесулер өткізілді.
ІІО есебінде тұрған 477 адамның тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріліп, профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде, отбасы-тұрмыстық салада құқық бұзушылықтарды жасаған – 199, қолайсыз отбасылар – 278. Құқық бұзушыларға қолданылған жеке профилактикалар саны – 314. Оның ішінде, профилактикалық әңгімелесулер жүргізілгені – 157, қолайсыз отбасы ретінде есепке қойылғаны – 44, қорғау нұсқамасына алынғаны- 101, сотпен 12 құқық бұзушының мінезіне ерекше талап қойылды.
Акция барысында халық көп шоғырланатын жерлерде – 6182 дана ақпараттық-тарату материалдар дайындалып таратылды, оның ішінде 6 156 буклет және жадынамалар, 26 билборд пен плакаттар орнатылды.