Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда әуежайында шу шығарған азаматты полицейлер рейстен түсіріп алды

Көлік полицейлері елорда әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған 55 жастағы жолаушыны рейстен түсіріп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жылдың басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 16 873 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде алкогольдік ішіп, қоғамдық орындарға мас күйінде келген 1631 адам, ұсақ бұзақылық жасаған 318 адам бар.

17 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне «Эйр-Астана» әуекомпаниясының өкілінен хабарлама келіп түсті. Онда «Нұр-Сұлтан-Ақтау» бағытындағы рейстің жолаушыларының бірінің алкогольді масаң күйде өзін дөрекі ұстап, қоғамдық орында балағат сөздер айтқандығы көрсетілген.

Тексеру барысында көлік полицейлері Ақтау қаласының 55 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адам әуекомпанияның бас тарту туралы актісі негізінде рейстен түсіріп алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 440 және 434 баптары (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу және ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқықбұзушыға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Ер адам әуерейстердің ұшуы жаңартылғанынан кейін әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін ұшақтан түсірілген алғашқы жолаушы.

Еске сала кетейік, 1 мамырдан бастаптөтенше жағдай тәртібінен кейін Қазақстан қалалары арасында әуерейстерінің ұшуы жаңартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру