Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құқық қорғау органдары шетелдік криминалитеттің ықпал ету әрекеттерін тоқтатты

Қазақстанның құқық қорғау органдары шетелдік криминалитеттің ықпал ету әрекеттерін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ірі транзиттік маршруттардың болуы және мемлекеттің тұрақты дамуы шетелдік инвесторларды ғана емес, шетелдік криминалитет өкілдерін де қызықтырады.

Ішкі істер министрлігі ҰҚК және Бас прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық ортада, оның ішінде Қазақстаннан тыс жерлерде болып жатқан процестерді тұрақты бақылау және қадағалау нәтижесінде шетелдік криминалитеттің кез келген әрекетіне уақтылы және жедел түрде тосқауыл қояды.

Өткен жылы Қазақстан аумағына жақын шет елдерден кірмек болған қылмыс әлемінің төрт өкілінің әрекеті тоқтатылды.

– Биыл 19 мамырда Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және ҰҚКД жедел мәліметтер бойынша қылмыстық ортада “заңдағы ұры” атағына ие 1963 жылы туған іргелес мемлекет азаматының ел аумағына кіру фактісін анықтады.

Ол Орал қаласының полициясына жеткізілді. Қажетті тексеру іс-шараларын өткізгеннен кейін ер адам Қазақстан аумағынан Ресейге бағыт алып, көрші мемлекеттің құқық қорғау органдарымен құрықталды.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес Ресей Федерациясының сот органдарымен оған қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 210.1-бабы “Қылмыстық иерархияда жоғары дәрежені иелену” бойынша іс қаралуда, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру